ББҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

2 қазан 2017

Мамандар адамдардың денсаулығы 12%-ға денсаулық сақтау деңгейіне, 18%-ға – генетикалық бейімделгіштікке, ал 70%-ға - маңызды қосынды тамақтану болып табылатын өмір сүру салтына тәуелді болады деп пайымдайды.

Медициналық көзқарастар жалпы алғанда тұрақтылықпен ешқашан ерекшеленбеген, бүкіл адамзат тарихында тамақтану неғұрлым нашар болса, аурулар көп болады деген  бірауызды пікірге келген.

Мамандар адамның тағам мөлшері біздің заманымызда 600 астам әртүрлі заттан (нутриенттен) тұру керек деп пайымдайды. Өкінішке орай, барлық тағам заттары бойынша теңдестірілген тағам мөлшері барлық заттан (нутриенттен) тұра алмайды. Міне осы жерде  биологиялық белсенді қоспалар – жануар (соның ішінде теңіз), минералдық, өсімдік шыққан тегі тағам шикізатынан бөлінген немесе табиғи аналогтарға ұқсас заттарды химиялық синтездеу арқылы алынған, нағыз табиғи заттар концентраты көмекке келеді.

Егер ағзаға нақты көлеммен, пропорциямен және үйлесіммен келіп түсетін болса, олардың басым көпшілігі әртүрлі емдік қасиеттерге ие болады. Дәрі-дәрмектерден негізгі айырмашылығы ББҚ ағзаға өзін-өзі баптауды жүргізуге, қандай да бір аурудың дамуына әкеп соқтыратын бұзушылықтың жойылуына көмектеседі. ББҚ адамның ағзасында қандай да бір қосылыстардың тапшы болуын немесе артылуын жояды. Оларды қолдану көптеген препараттарға тән бұзушы жанама әрекеттерсіз, оған залал келтірмей ағзаны дәйекті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


Ілгері